2 ақпанда LEGO фестивалі өтті.
Мұндай шара лицейімізде жақсы дәстүрге айналып үлгерді. Ол танымдық қызығушылықты, жеке шығармашылық қабілеттерін дамытады, балалардың ой-өрісін кеңейтеді, мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен дамытуда жаңа технологиялардың бірі ретінде LEGO құрастыру жиынтықтарын қолдану мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға көмектеседі.
Оқушылар өз жұмыстарын үш номинация бойынша ұсынды: «Сәулет», «Армандаушылар» (өз суреттері бойынша жасалған жиынтықтар) және «LEGO – мозаика» (дайын жинақтар).
Барлық қонақтар мен қатысушылар робототехника бойынша шағын лекция тыңдап, робот-сумо жарысын тамашалады.