2026 жылғы 11 сәуірде 1–6 сынып оқушылары арасында «KEMEL» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Бұл сайыс оқушыларға өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және математика пәніне деген қызығушылықтарын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
Царенко Андрей (1 «Б» сыныбы) – II орын (жетекшісі: Бараева Л.В.);
Әли Серікбай (5 «В» сыныбы) – III орын (жетекшісі: Қартаев А.А.). Қатысқаны үшін грамотамен марапатталғандар: Опланчук Владислав (3 «Б»), Байдалы Әлихан (4 «Б»). Сертификат иегерлері: Шестакова Ксения (1 «А»), Аюпов Артур (2 «Б»), Гайнутдинов Даниил (2 «В»), Мельникова Арина (3 «В»), Джортминадзе Владислав (4 «В»).
Қалалық кезеңде мектеп намысын қорғау құқығына Царенко Андрей мен Әли Серікбай ие болды. Қалалық кезеңде оқушылар лайықты өнер көрсетіп, Царенко Андрей III орынға ие болса, Әли Серікбай грамотамен марапатталды.
Оқушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!




