13 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қазақ тілі кафедрасының мұғалімдері мектеп оқушыларымен бірге «Ілияс – қазақтың Құлагері» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шара ақынның өмірбаяны туралы бейнероликтен басталып, оның қаламынан туған өлең-жырлар оқумен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, қазақтың ұлттық биі орындалды. Егемендік жолында құрбан болған І.Жансүгіровтің табиғат лирикасы, қазақ халқын суреттейтін помалары туралы бейнематериалдар көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Мен-қазақпын!» деп ұрандатты. Мерекелік кеш оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, еліміздің нағыз азаматы болуға тәрбиелеп, тамыры терең тарихпен толық танысты.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.