Қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде Алматыда «Қала күні» атап өтіледі. Мереке аясында көптеген мәдени іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі-5-8 сынып оқушылары арасында «Алматы – әсем қала» атты эссе байқауы.
Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Қарабек Мерейлі II орынды иеленді, 8 «Б» сынып оқушысы Қуандық Аружан III орынды иеленді. Қыздар байқауға жауапкершілікпен қатысты, шығармашылық жұмыстар сауатты жазылып, қазылар алқасы лайықты бағалады. Мерейлі мен Аружанға шығармашылық табыс тілейміз!