18 қаңтарда Е.А. Соловьева 4-сыныпта «Let’s go on a hike» тақырыбында ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді. Екатерина Андреевна жаңа лексиканы меңгеру үшін интерактивті форманы, көптеген иллюстрациялық үлестірмелі материалдар мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланды.
Оқушылар шын мәнінде қызықты саяхатқа шықты: олар рюкзактарын жинап, неліктен бұл заттарды өздерімен бірге алып жүргендерін түсіндірді, табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін зерттеп, жолға шықты. Барлығы өте шынайы болды, саяхаттың нақты заттары мен атрибуттары пайдаланылды, балалар бір-біріне көмектесе отырып, тапсырмаларды белсенді орындады.
Балаларға сабақ ұнады. Олар бұл сапарды мәңгі есте сақтайды.