«Қазақстан – баршаға өмір сыйлайтын және бақытты ететін өлке…
Қазақстан – шексіз аспаны шексіз даламен тілдесетін өлке.
Сондықтан: «Біз сені, жерімізді, Қазақстанды жақсы көреміз!» дегіміз келеді.
24 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Гадаева Оксана Васильевна 1 «Б» сыныбында «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпқа әлем танымы пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақты бастамас бұрын оқушылар жақсы ұйымдастырылды: толық дайындық болып, олар сабақтың іскерлік ырғағына тез қосылды.
Сабақтың басы балалар мен мұғалім арасындағы диалог түрінде өтті. Балалар 5 кілт арқылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің белгілерін «жинап» киіз үйді ашты, онда шығармашылық шеберханаға арналған тапсырмалар болды. Топпен жұмыс жасай отырып, 1-сынып оқушылары тақырыпты анықтап, «Тәуелсіз Қазақстан» альбомының бетін құрастырды.
Беттердің тақырыптары: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының астанасы», «Ұлттық қазақ киімі», «Ұлттық қазақ тағамдары».
Сабақ барысында мұғалім бірінші сынып оқушыларына жаңа ұғым – патриотизмді және «үлкен елдің кішкентай патриоттарын» тәрбиелейтін практикалық әрекеттер мен тапсырмаларды шеберлікпен қалыптастырды.