Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

12 МАМЫРДА 7 «В» СЫНЫБЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН …

12 Мамыр 2023

12 мамырда 7 «в» сыныбында қазақ тілінен «Батыр туса ел ырысы» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Ұйымдастыру кезеңінде «Wordwall» платформасы арқылы өткен тақырыптың қайталау сұрақтарына жауап берді. Сабақты болжау кезінде оқушылар ребусты шешу арқылы тақырыбын анықтады. Сабақ барысында арнайы дайындалған тыңдалым видео-ақпаратты тыңдап, сол бойынша «Кластер», «Сәйкестендіру» әдістері арқылы оқушылар жұптық және жеке жұмыстарын орындады. Сабақ арасында сергіту сәтінде мақал-мәтелдерді екінші жартысын тақтаға шығып орындады. Сабақ соңында балалар өз ойларын «Попс» әдісі арқылы жеткізді.

Оқушылар жұмысты бағалау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау жұмыстарын жақсы орындады.

Барлық материалдар оқу бағдарламасына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Жұптық жұмыс нәтижелі болды, балалар өздерінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін көрсете білді.Тәрбиелік тапсырма сабақта толық орындалды.

Мұғалім сабақ барысында психологиялық жайлылық  қалыптастырып, оқушыларды үнемі ынталандырып, табысқа жету жағдайын жасады.

Сабақ мақсатына жетті.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй