Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Самал» зауытында қонақта

19 Қараша 2026

19 қараша күні 3 «Б» сынып оқушылары «Самал» су өндіру зауытына экскурсияға барды.

Балалар заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысып, ауыз судың қалай өндірілетінін білді. Экскурсия барысында өндірістің барлық кезеңдерін аралап көрді. Оқушылар бөтелкелер жасалатын цехты тамашалап, судың қалай құйылатынын көріп, дайын өнім сақталатын қоймада болды. Зауыт қызметкерлері өз жұмыстары туралы әңгімелеп, қызықты тәжірибе көрсетті. Экскурсия соңында балаларға дәмді «Самал» суы ұсынылды. Саяхат өте қызықты әрі танымды болды. Балалар көптеген жаңа мәлімет алып, нағыз өндіріс орнының жұмысымен танысты және түрлі мамандықтар туралы білді.

«Самал» зауытының ұжымына жылы қабылдауына, қызықты экскурсия ұйымдастырғаны және жаңа білім сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй