13 қараша күні мектебімізде «13 қараша, жұма: біз қорқынышты жеңеміз!» атты ерекше шығармашылық күн өтті. Бұл күн батылдықтың, шығармашылықтың және өзара қолдаудың нағыз мерекесіне айналды.
Таңертеңнен бастап мектеп іші жарқын кейіпкерлерге, ерекше костюмдерге және қызықты командалық образдарға толды. Оқушылар өз қиялдарын, әзіл-қалжыңға деген қабілеттерін көрсетіп, тіпті тосын күннің өзін көңілді мерекеге айналдыруға болатынын дәлелдеді. Күні бойы мектепте «Батылдық зертханасы» жұмыс істеді. «Қателіктер мұнарасы» станциясында командалар стақандардан мұнара құрастырып, сәтсіздіктерден қорықпауды үйренді. Тапсырманың негізгі мақсаты – қателік жеңіліс емес, қайта талпынып көруге берілген мүмкіндік екенін түсіндіру болды. «Батылдық минуты» станциясында оқушылар жаңылтпаштар айтып, ән шырқап, пантомима көрсетіп, әзілдер айтып, қорқыныштарын жеңуге не көмектесетіні туралы ойларымен бөлісті. Әсіресе, «Құпия код» атты командалық квест ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар жұмбақтарды шешіп, жасырылған нұсқауларды іздеп, түрлі тапсырмаларды орындады. Жеңіске жету үшін зейінділік, тапқырлық және бірлесе жұмыс істей білу қажет болды. «Мен өз қорқынышымнан күштімін» атты арнайы стендте оқушылар жылы лебіздерін қалдырып, өздерін батыл болуға жігерлендіретін ойларымен бөлісті. Сонымен қатар балалар «13 батыл іс» акциясына қатысып, бастауыш сынып оқушыларына көмектесті, мұғалімдерге алғыс білдірді, достарына қолдау көрсетті және бір-біріне жылы сөздер айтты. Күн жоғары сынып оқушыларына арналған көңілді бағдарламамен аяқталды. Бағдарлама аясында музыкалық және би сайыстары ұйымдастырылып, барлығы көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл күн барлығымызға нағыз батылдықтың мәні – жаңа нәрсені байқап көру, қателесуден қорықпау, өзгелерге қолдау көрсету және өз күшіңе сену екенін тағы бір мәрте еске салды.
Белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен барлық оқушыларға, педагогтерге, сынып жетекшілеріне, мектеп парламентіне және іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

















