Біздің педагогтеріміз балаларға білім беріп қана қоймай, өз таланттарын да дамытып, шығармашылықпен айналысуда!
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Л.В. Саванькина кәсіби суретшілердің ұжымдық көрмесіне қатысты. Көрме Қарағанды қаласындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті. Көрмеге педагогіміздің екі шығармашылық жұмысы қойылды. Көрмеге қатысқаны үшін Л.В. Саванькина «Яблоневая палитра» қауымдастығы мен мұражайдың грамотасымен марапатталды.
Лариса Владимировнаны осы шығармашылық жетістігімен құттықтаймыз! Жаңа қызықты туындылар, шығармашылық шабыт және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!





