Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2 «В» сынып оқушылары Зимухан Айсұлу Серікқызының жетекшілігімен сәулетші мамандығына арналған «Болашақ қаласы» атты шығармашылық жобаға қатысты.
Оқушылар болашақ қаланың қандай болатынын елестетіп, заманауи үйлердің, мектептердің және ерекше ғимараттардың макеттерін жасады. Әр оқушы сәулетші рөлін байқап көріп, қиялын, ұқыптылығын және шығармашылық қабілетін көрсетті.
Барлық жұмыстарды біріктіріп, үлкен шағын қалашық құрастыру жобаның ең қызықты кезеңдерінің бірі болды. Бұл жоба балаларға сәулетші мамандығы туралы көбірек білуге және адамдар үшін қолайлы, әдемі әрі қауіпсіз орта құрудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесті.









