21 сәуір күні 8 «Б» сыныбында география пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты мұғалім Тютенова А.Б. өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Әлемнің саяси картасы».
Сабақ барысында жаңа материалды меңгерумен қатар, оқушылардың қарым-қатынас жасау, өз пікірін білдіру және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарды талқылады, ақпараттарды талдады, картамен жұмыс жасап, практикалық тапсырмаларды орындады. Әсіресе, сабақ барысында оқушылар ақпаратты іздеу мен жүйелеуді, қорытынды жасауды және өз көзқарастарын дәлелдеуді үйренді. Топтық жұмыс олардың ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақ қызықты әрі достық атмосферада өтті. Әр оқушы өз мүмкіндігін көрсете алды, ал диалогтік жұмыс түрлерін қолдану сыни ойлау мен коммуникативтік дағдылардың дамуына әсер етті.
Ашық сабақ оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және таңдалған оқыту әдістерінің тиімділігін көрсетті.









