17 наурыз күні 3 «Б» сыныбында Кононенко А.В. жетекшілігімен математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ оқушылардың сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдері бойынша білімдерін жүйелеп, практикалық тапсырмалар орындап, өтілген материалды бекітті. Сабақтың ерекшелігі – математиканы жедел қызметтердің жұмысы тақырыбымен ұштастыру болды. Оқушылар өрт сөндірушілердің, жедел жәрдемнің және авариялық газ қызметінің жұмысымен танысып, олардың еңбек ету алгоритмдерін математикалық алгоритмдермен салыстырды, тақырыптық есептер мен теңдеулер шығарды. Сонымен қатар, оқушылар таудағы қауіптер туралы мәлімет алып, тау ауруының белгілері пайда болуы мүмкін биіктікті анықтады. Сабақ соңында жедел қызметтердің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізіліп, оқушылар шұғыл нөмірлерге жауапкершілікпен хабарласу қажеттігі туралы қорытынды жасады.
Сабақ қызықты әрі танымды өтіп, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.




