Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Педагогикалық кеңес: дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстың қорытындылары

14 Наурыз 2026

2026 жылғы 14 наурызда «Тұран Лицейі» мектебінде оқу жылының І–ІІІ тоқсандары бойынша дарынды оқушылармен атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған педагогикалық кеңес өтті.

Оқушылардың жетістіктері туралы аралық есеппен директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Омарова Л.С. баяндама жасады. Ол лицей оқушыларының мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі олимпиадаларға онлайн және офлайн форматта сәтті қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Кочеткова М.А. дарынды оқушыларды олимпиадаларға дайындау және олардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде қолдау бағытындағы педагогтердің тәжірибесімен бөлісті. Кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы Ахметова М.К. мен Рахымбекова А.М. баяндады. Педагогтер оқушыларды халықаралық SAT емтиханына дайындау және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниетті оқушыларға кеңес беру жұмыстары жөнінде мәлімет ұсынды.

Педагогикалық кеңесте дарынды оқушылардың әлеуетін дамытудағы жүйелі жұмыстың маңыздылығы және олардың алдағы жетістіктеріне жағдай жасау қажеттігі ерекше атап өтілді.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй