Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы

5 Ақпан 2026

«Тұран» Лицейі» мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Шабанова Милана 2026 жылы     5 ақпанда 7–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде төртінші орын иегері атанды.

Айта кетерлік мәселе, Милана бұл байқауға алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан, жетекшісі Тохтаганова Таншолпан Кулдыбаевнамен бірге тиянақты дайындалып, жоғары нәтиже көрсете білді.

Милана қазақ поэзиясын, оның ішінде Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын ерекше сүйіп оқиды және ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға үлкен қызығушылық танытады.

Алдағы уақытта Милананың шығармашылық жолына табыс тілеп, жаңа жетістіктерге жете беруіне лицейдің барша мұғалімдері зор сенім білдіреді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй