«Тұран Лицейі» мектебінің «Шабыт» студиясының жас суретшілері Шығыс Қазақстан облысында өткен «Шеберлікке толы қыс» атты VI Халықаралық жаңа жылдық байқауға қатысты. Оқушылардың жұмыстары шығармашылық көзқарасымен, қиялының ұшқырлығымен және жоғары көркемдік шеберлігімен ерекшеленді. Байқау қорытындысы бойынша жас суретшілер мектебіміздің абыройын асқақтатып, жүлделі орындарға ие болды.
Гран-при иегерлері: Ким Алисия, Краснояров Макар, Төлеубаева Аяулым.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Шестакова Полина, Төлеубаева Адель, Киселёва Алерия, Сыдыкова Алика, Шайбакова Диана.
II дәрежелі диплом иегерлері: Шестакова Ксения, Алькина Жания, Туякова Томирис.
Жас суретшілерді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және студия жетекшісі Савонькина Лариса Владимировнаға кәсібилігі, шығармашылық шабыт сыйлағаны және оқушылардың көркемдік қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жарқын жетістіктер тілейміз!




