12–18 желтоқсан аралығында «Тұран Лицейі» мектебінде 5–11 сынып оқушылары арасында үздік жобаға арналған байқаудың дайындық кезеңі өтті. Іс-шара оқушылардың зерттеушілік, жобалық және презентациялық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз жұмысының нәтижелерін дәлелді түрде ұсына білу қабілетін қалыптастыруға бағытталды.
Оқушылар әртүрлі бағыттар бойынша жобаларын ұсынып, таңдалған тақырыптардың өзектілігін, зерттеу барысында дербестігін, креативті көзқарасын және жобаларын көпшілік алдында сенімді қорғау дағдыларын көрсетті. Қатысушылардың жобалық қызметке деген қызығушылығы мен өз идеяларын әрі қарай дамытуға дайын екені байқалды.
Жобаларды құрамына Исламгулова С.К. – педагогика ғылымдарының докторы, психология кафедрасының доценті, «Тұран» университеті Жоғары психология мектебінің профессоры, мектеп директоры; Береснёва А.С. – «Тұран» университетінің бизнес-инкубаторының директоры; Омарова Л.С. – ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары; Родоманова Н.Б. – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары кірген құзыретті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың баяндамаларын мұқият тыңдап, жобалық жұмыстардың сапасын арттыруға, зерттеу құрылымын жетілдіруге және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған құнды ұсыныстар мен кеңестер берді.
Байқаудың дайындық кезеңін өткізу оқушыларды келесі кезеңдерге және өзге де конкурс іс-шараларына дайындауда маңызды қадам болды, сондай-ақ олардың зерттеушілік әлеуетін ашуға және оқу мотивациясын арттыруға ықпал етті.




