«Гүлдене бер, менің Қазақстаным» фестивалі аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уразова Л.Н. 6-сыныптардың құрама командалары арасында Гулливерболдан турнир ұйымдастырды.
Жанкүйерлер мен сынып жетекшілерінің қызу қолдауының арқасында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, әдемі әрі тартысты командалық ойын көрсетті.
Турнирде жеңіске 6 «Б» сыныбының оқушылары жетті.




