2025 жылдың 12 қарашасында “Тұран” Лицейі” мектебінде «1-сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау» тақырыбында педкеңес өтті.
Бірінші сыныптардың сынып жетекшілері Бараева Лариса Владимировна мен Коваленко Зульфира Шамильевна өз сыныптарының толық сипаттамасын беріп, бірінші тоқсандағы жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
Сынып психологы Циерт Елена Викторовна оқушылардың танымдық және эмоционалдық-ерік сфераларын диагностикалау нәтижелерін таныстырып, мектепке бейімделу процесінің қалай жүріп жатқанын атап өтті.
Логопед Крупкина Марина Викторовна бірінші сынып оқушыларының сөйлеу дамуының ерекшеліктерімен қатысушыларды таныстырды. Барлық ақпарат ұсыныстармен бірге пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне жеткізілді.
Педагогикалық кеңестер балалардың мектепке бейімделу кезеңінде қолдау көрсетуді жоспарлауға, олардың жағдайын толық көруге мүмкіндік береді. Мектептегі алғашқы оқу — баланың өміріндегі ең маңызды өткел кезеңдерінің бірі болып табылады.




