26 қараша күні 4 «Б» сыныбында Рыжов Сергей Евгеньевич музыка пәнінен «Музыкалық вариациялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларды вариация ұғымымен, оның құрылымдық ерекшеліктерімен таныстыру және музыкалық шығармаларды талдау дағдыларын қалыптастыру болды.
Мұғалім оқушыларға музыкалық шығармалардың әртүрлі формаларын таныстырып, вариациялардың тарихы мен құрылымы туралы түсінік берді. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өмірден және бейнелеу өнерінен вариативтік белгілерге мысалдар келтірді.
Сабақ барысында қазақтың халық әні «Қамажай», француз халық әуені және Нұрғиса Меңдіғалиевтің «Қамажай» әніне жазған вариациялары тыңдалды. Оқушылар музыкалық мысалға арналған мәтінді жаттап, вариациялар санын өз бетінше анықтады. Сонымен қатар, Сергей Евгеньевич «Қамажай» әнінің тақырыбына өз импровизациясын орындап берді.
Балалар сазгер және аранжировщик (музыкалық көркемдеуші) мамандықтарымен танысты. Олар Антонио Вивальдидің түпнұсқа шығармасы мен оның заманауи нұсқасын салыстырып, қабылдаудағы айырмашылықтарды талқылады. Сабақ соңында Иоганн Себастьян Бахтың скерцосының түрлі интерпретациялары көрсетілді.
Рефлексия кезеңі оқушылардың стикер арқылы өзіне ұнаған шығарманы таңдау формасында өтті. Сабақ мазмұнды, танымдық және оқушылардың қызығушылығын оятатын деңгейде ұйымдастырылды.




