9 қарашада Астана қаласында И.А. Массерова басқаратын «RAZZLE DAZZLE» би студиясы «WORLD OF DANCE» байқауына қатысты. Бұл заманауи билер ішіндегі әлемдегі ең беделді би чемпионаттарының бірі. Байқау ең мықты топтар мен орындаушыларды біріктіріп, жоғары деңгейдегі кәсібилікті, шеберлікті және сахналық көріністі көрсетті. Топтар арасындағы бәсекелестік өте жоғары болды. Біздің қатысушыларымыз үшін қойылым құнды тәжірибе және олардың шығармашылық өсуіндегі маңызды қадам болды. Біздің команда чемпионатта өздерін ерекше көрсетіп, жарқын, эмоционалды және техникалық тұрғыдан күрделі өнер көрсетті. Бауыржанқызы Зере мен Чарикова Русалина Solo Kids санатында өнер көрсетті. Ал, Team Junior Division тобында тобымыз бақ сынасты. WORLD OF DANCE байқауына қатысу тобымыз үшін маңызды оқиға болды және оқушыларымызды жаңа жетістіктерге, одан да биік белестерді бағындыруға шабыттандырды.




