Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Волонтерлік жоба «Күз фестивалі»: 403 755 теңге қайырымдылыққа

17 Қазан 2025

2025 жылдың 17 қазанында «Туран» лицейінің волонтерлері ауқымды қайырымдылық шарасын – «Күз фестивалін» өткізді.

                Жобаның мақсаты: Фестиваль оқушылардың жанашырлық сезімін, табиғат пен жануарларға қамқорлықпен қарау қасиетін қалыптастыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталды.

                Өткізу форматы: Іс-шара әртүрлі жастағы топтар үшін екі форматта ұйымдастырылды:

  1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қайырымдылық сату жәрмеңкесі;
  2. 5–9 сынып оқушыларына арналған түрлі байқаулармен өткізілген дискотека.

                Фестиваль қорытындысы: Акция нәтижесінде 403 755 теңге жиналды. Барлық қаражат иттерге арналған «Ізгі істер қоры» атты панажайға қайырымдылық ретінде аударылады.

                 Алғыс:«ECO-TURAN» волонтерлік қозғалысының мүшелері іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсеткені үшін лицей әкімшілігіне зор алғысын білдіреді. Сонымен қатар белсенді қатысып, үлкен үлес қосқан сынып жетекшілеріне және оқушыларға ерекше ризашылығын айтады!

«ECO-TURAN» волонтерлік қозғалысының жетекшісі: Ахметова М.К.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй