Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Халықаралық білім беру көрмесіне (International Educational Fair – IEF) қатысу

15 Қазан 2025

2025 жылдың 15 қазанында «Туран лицейі» мектебінің 10-сынып оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық бағдарламасы аясында Алматы қаласында өткен International Educational Fair (IEF) халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.

Аталған іс-шара білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен алмасуға бағытталған.

Көрмеде әлемнің 17 елінен келген 30 шетелдік жоғары оқу орны таныстырылды. Лицей оқушылары шетелдік университет өкілдерінен тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай іс-шаралар жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын және білім беру траекториясын таңдауға дұрыс бағыт-бағдар береді деп сенеміз.

Педагог-кәсіптік бағдар беруші Ахметова М.К.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй