«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 22–23 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері арасындағы Республикалық олимпиаданы өткізді.
Олимпиада нәтижесінде 6 «А» сынып оқушысы Циерт Серафим жоғары білім деңгейін көрсетіп, II орынға ие болды. Ол біздің оқу орнымызды лайықты деңгейде таныстырып,
II дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Серафимді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Сонымен қатар оның жетекшісі —
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айбергенова Айдана Бахытжанқызына
зор алғыс білдіреміз!
Оларға алдағы уақытта да жетістіктерге жете берулерін, жаңа шыңдарды бағындыруларын тілейміз!




