29 тамыз күні «Тұран» лицейі» мектебінің конгресс-холлында педагогикалық ұжымға арналған «Білім беру үдерісіне «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу» тақырыбында семинар өтті.
Кездесу барысында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шаблиев Сергей Витальевич бағдарламаның негізгі қырларына тоқталып, оның өскелең ұрпақтың құндылықтарын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
Екінші баяндамашы Ахметова Махинур Кудатовна еріктілер жобасын іске асыру жайында кеңінен баяндады.
Мұғалімдер бағдарлама бағыттарын талқылап, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жөніндегі өз идеяларымен бөлісе отырып, топтық жұмысқа белсенді қатысты.