11 сәуірде қалалық семинар аясында Алматы қаласы мектептері директорларының орынбасарлары үшін ағылшын тілінде «Travellers’ Club» атты қызықты зияткерлік ойын өтті. Ойынға 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараны ағылшын тілі мұғалімі Кочеткова М. А. дайындап өткізді.
Үш тақырыптық категорияға бөлінген сұрақтар тек танымдық қана емес, сонымен қатар қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Оқушылар ағылшын тілін жетік білетіндіктерін көрсете отырып, ойынға ынта-жігермен қатысты. Олардың жоғары тілдік деңгейін барлық қонақтар атап өтті. Ағылшын тілін білетін кейбір қонақтар викторина сұрақтарына жауап бере отырып, өздерін көрсете алғанын ерекше атап өткен жөн.
Ойында 11 «А» сынып оқушылары жеңіске жетіп, қарсыластарынан екі ұпай ғана озды. Ойын барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырып, салауатты бәсекелестік рухында өтті.