Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Көктем мерекесі – ойын мен достық мерекесі

8 Сәуір 2025

8 сәуірде 5-11 сынып оқушылары табиғаттың көркем жерінде Тау-Тұран сауықтыру-білім беру кешенінде өткен «Тұран көктемі» іс-шарасына аттанды.

Бұл күн көктемнің, ашық ауада демалудың және табиғатпен бірліктің шынайы мерекесі болды. Оқушыларды мұғалімдер ұйымдастырған түрлі зияткерлік ойындар күтіп тұрды.  Балалар спорттық жарыстарға қуана қатысты: волейбол, футбол, баскетбол ойнады, шахматта және дәстүрлі  ұлттық ойынында асық атумен жарысты.

Жарыстардан басқа балалардың бос уақыттарында да олар шуақты ауа-райы мен әдемі көріністерді тамашалап, пикник ұйымдастырды. Осы сәттерді есте сақтау үшін көптеген естелік фотосуреттер түсірді.

Әр оқушы өзіне ұнайтын іс-әрекетті тауып, ең бастысы жаңа әсерлер мен көктемгі көңіл-күймен қуатталды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй