Халықаралық LEGO күніне орай біздің мектепте 24 қаңтар күні номинациялар бойынша шығармашылық байқау өтті. Байқауға қатысушылар нұсқаулыққа сәйкес немесе өз сызбасы бойынша орындалған өз жұмыстарын таныстырды.
Байқауға қатысушыларға Рrokid робототехника клубының дайын модельдерінің тұсаукесері ұсынылды. Балалар спикерлерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, модельдерді тексерді және көп нәрсені үйренді деп үміттенеміз.
Байқау нәтижелері салтанатты жиында жарияланады.