«Тұран» лицейінде үнемі қызықтар болып тұрады.
22 ақпанда мектебіміздің психологтары Байтуменова Меруерт Темурхановна мен Калачева Татьяна Викторовна өткізген психологиядан екінші жыл сайынғы турнирге 3-4 сынып оқушылары қатысты.
Балалар ойлау жылдамдығы мен тапқырлық бойынша жарысып, жұмбақ шешіп, анаграмма құрастырып, логикалық есептерді шығарды.
Ал жанкүйерлердің де өз бәсекесі болды. Әр топ үй тапсырмасын дайындады: презентация және қарсыластар үшін тест жасап көрсетті.
Іс-шара шулы және көңілді өтті. Әркім өзінің жақсы қырларын көрсеткісі келді.
Мұндай іс-шараларда ең бастысы – жеңіс емес, сыныптастарыңызбен қызықты нәрселермен айналысу мүмкіндігі.
Орындар келесідей бөлінді:
I – 4 «А» сыныбы;
II – 3 «А» және 4 «Б» сынып командалары;
ІІІ- 3 «Б» сыныбы.
Қатысушылар сертификаттар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.