Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Мальчик

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепалды
5-6 жастағы балалар үшін
1-11 сыныптар
Оқыту аптасына 5 күн
Қосымша сабақтар
18 үйірме, секция және клуб
Оқудың толық циклі
Лицей – «Тұран» білім беру корпорациясының құрамдас бөлігі. «Тұран» лицейі» мектебінің түлектері үшін «Тұран» университетіне түсуге жеңілдіктер қарастырылған.
Техникалық жабдықтандыру
Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен, соның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған
Психологиялық қолдау
Әр сыныпқа қолайлы психологиялық ахуал туғызу үшін жұмыс істейтін психолог-мұғалімдер бекітілген.

Қазіргі таңда «Тұран» лицейі» мектебінде 75 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 54 пән мұғалімі, 4 психолог, 10 тәрбиеші, 6 қосымша білім беру мұғалімі бар.

Мұғалімдердің 97,3 пайызы жоғары кәсіптік, 2,7 пайызы орта педагогикалық білімі бар. Мұғалімдердің 79,6 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие.

+0
Коваленко Алексей Владимирович, 11 «А» сынып түлегі Коваленко Лилияның әкесі
23.07.2025

Химия пәнінің мұғалімі Марина Владимировнаға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Ол – өз ісінің кәсіби маманы, пәнді терең меңгерген әрі балаларға деген шынайы сүйіспеншілігі бар жан. Қиын тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіре біледі, әрбір оқушыны қолдайды, жаңа жетістіктерге шабыттандырады және әрдайым көмек көрсетуге дайын. Еңбегіңізге, мейіріміңізге және біліміңізге зор рахмет!

Құрметпен, Исаченко Виктория Анатольевна, 3 «А» сынып түлегі Исаченко Петрдің анасы.
25.07.2025

Айгүл Жолдыбайқызына балаларға деген қамқорлығы, назар аударуы және сезімтал қарым-қатынасы үшін алғыс айтқым келеді. Ұлым Петр мектепке қуана-қуана барады, ал бұл – мұғалім үшін ең үлкен алғыс деп білемін. Сіздің еңбегіңізге және жүрек жылуыңызға көп рақмет!

Құрметпен, Ажбагамбетова Фарида, 9 «Б» сынып оқушысы Ормушева Алияның анасы.
28.07.2025

9-сынып оқушысының ата-анасы ретінде мектепке алғысымды білдіргім келеді. Қызым – белсенді, ойлы және мақсатшыл оқушы, және мен мектептің оған тек академиялық тұрғыдан ғана емес, жеке тұлға ретінде де ашылып, дамуына көмектесіп жатқанын көремін.

Ол мектеп кеңесінің құрамында, және мектеп өміріне қатысуы ол үшін шынымен маңызды болды. Соңғы уақытта қызым қоғамдық істерде белсендірек бола түсті: іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады, бастамалар ұсынады, бұл оны анағұрлым сенімді әрі жауапты ете түсті. Бұл жасөспірім кезеңінде өте құнды қасиет деп ойлаймын.

Әсіресе айта кетерлігі – ол сабаққа бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарай бастады: бағаларын жақсарту үшін күш салып жүр, ал мұғалімдер мұны байқап, жиналыстарда атап өтеді. Мұндай сәттер бала үшін де, ата-ана үшін де өте маңызды, өйткені бұл – педагогтардың әрбір оқушыға көңіл бөлетінінің дәлелі.

Маған мектепте әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысының өтуі ұнайды – бұл бізге баланың дамуын бақылап, қиындық болса уақытында әрекет етуге мүмкіндік береді.

Әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылатыны үшін бөлек алғыс айтамын. Бұл балаларға нақты өмірлік мысалдар көруге, болашағы туралы ойлануға және бар мүмкіндіктерді түсінуге жол ашады. Қызым мұндай кездесулерден алған әсерімен қызыға бөліседі.

Мектепке және мұғалімдерге балаларды жан-жақты дамытуға деген қолдауы, ашықтығы мен ынтасы үшін зор рақмет. Біз мұны жоғары бағалаймыз.

Сабыракынова Лейла Заитовна, 8 «В» сынып оқушысы Сабыракынов Дарханның анасы.
29.07.2025

«Тұран» мектеп-лицейі – кәсіби мұғалімдерімен танымал мектеп. Ұлым 2023 жылы 6-сыныпқа қабылданып, білімін жетілдірді, жалпы және жекеменшік мектеп арасындағы айырмашылық айқын көрінді. Мұғалімдер әрдайым өздерінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады.

Мектепте түзету сабақтары бар, онда бала берілген материалды қайта қайталап, пысықтай алады – бұл өте маңызды! Сондай-ақ спорттық секциялар бар, соның ішінде баскетбол үйірмесіне ұлым қуана-қуана қатысады.

Ерекше алғысымызды сынып жетекшісі Сергей Витальевичке білдіреміз – ол әрдайым көмектесіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге тырысады!

Жекеменшік мектепті таңдағанда, мен үшін ата-ана ретінде ең бастысы – қауіпсіздік болды. «Тұран» осыны толық қамтамасыз етеді, бөтен адамдарды мектепке кіргізбейді.

Ажбагамбетова Фарида, 3 «Б» сынып оқушысы Ормушева Диананың анасы.
29.07.2025

Мектепке және ұстаздарға балаларға деген ықыласты әрі кәсіби қарым-қатынасы үшін алғысымды білдіргім келеді. Қызым 3-сыныпқа өтті – ол дара, белсенді өмірлік ұстанымы бар бала, және мектептің осы қасиеттерін дамытуға көмектесіп отырғанын ерекше бағалаймын.

Күн сайын ол сабаққа қызығушылықпен барады, жаңалықтарымен бөліседі. Баланың оқуды ұнатқаны қатты қуантады – менің ойымша, бұл бастауыш мектепте ең бастысы. Оқу үдерісі баланың қызығушылығы мен бастамашылдығын қолдайтындай етіп құрылғаны көрініп тұр.

Сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар, жобалар мен мектеп іс-шараларын атап өткім келеді – қызым оларға қуана қатысып, барлығын өзі қызығушылықпен, ықыласпен орындайды.

Сыныптағы жылы атмосферасы, қолдауы және шынайы жанашырлығы үшін Александра Владимировнаға алғыс айтамын. Осындай мектепте бала өзін сенімді сезінеді, қуанышпен дамып, өседі.

Құрметпен, Сорокина Любовь, 6 «Б» сынып оқушысы Сорокина Елизаветаның анасы.
30.07.2025

Мен, 6 «Б» сынып оқушысы Сорокина Елизаветаның анасы, «Тұран» лицей-мектебіне жоғары деңгейдегі білім беруі мен жылы атмосферасы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Мен үшін қызымның мектепті жақсы көріп, оған қызығушылықпен баруы өте маңызды еді. Тарих, математика, жаратылыстану, әдебиет сабақтарының тартымды өтуі, үйірмелер мен секциялардың көптігі осыған ықпал етеді.

Әсіресе сынып жетекшіміз Потредённая Ирина Алексеевнаны атап өткім келеді. Ол әрдайым назар аударып, қолдау көрсетіп, қызымның әрі білімде, әрі жеке тұлғалық тұрғыда дамуына көмектеседі. Оның кәсібилігі мен қамқорлығының арқасында қызым өзін сенімді сезінеді.

Сондай-ақ вокал пәнінің мұғалімі Рыбакина Ирина Яковлевнаға үлкен ризашылығымды білдіремін. Оның оқыту тәсілі шабыттандырады, ал сабақтары қызықты әрі нәтижелі өтеді. Лиза биыл студияда ән жазды, бірнеше рет үлкен сахнада өнер көрсетті, бұл баланың сенімділігін арттыруда өте маңызды. Мұның барлығы Ирина Яковлевнаның еңбегі.

Келер жылы біздің мектепке кіші қызым да келеді, ол қазірдің өзінде Лиза оқып жүрген осы мектепте білім алғысы келеді.

«Тұран» лицей-мектебін достық атмосферада дамып, білім алып, жаңа достар табуды қалайтын баршаға ұсынамын!

Сұрақтарға жауаптар

Басқа білім беру ұйымынан «Тұран Лицейі» мектебіне ауысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

Білім алушыны басқа білім беру ұйымынан ауыстыру кезінде ата-аналар (заңды өкілдер) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

— директордың атына жазылған өтініш.

— Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі.

— ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәліктерінің көшірмелері.

— Барлық оқу сыныптары бойынша үлгеру табельдері және тоқсанның ағымдағы бағалары туралы анықтама (оқу тоқсаны аяқталмаған жағдайда).

— 9-сыныпты бітіргені туралы аттестат + бағалары бар құжаттың қосымша қағазы (түпнұсқа) – 10 және 11-сыныптарға түсушілер үшін.

— Оқу орнынан шығу картасы.

 

Шетелдік азаматтар үшін:

— тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты.

 

Аталған құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ беру қажет.

Мектепте жұмыс кестесі қандай?

0-6 сынып оқушылары 8.00-17.00, 7-11 сынып оқушылары 15.20-ға дейін мектепте болады.

Спорт секциялары мен би студиясы сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мектепте оқуға түсу үшін сұхбаттасу керек пе?

Иә. Алдын-ала жазылу арқылы оқушы математика және орыс тілінен тестілеуден өтеді. Сондай-ақ психолог пен логопед міндетті түрде балаға кеңес береді.

Мектепте оқу ақысы қанша? Жеңілдіктер бар ма?

Оқу құны және жеңілдіктер беру тәртібі «Тұран университеті» мекемесінің «Тұран» лицейінің «Мектеп оқушыларының оқу ақысын төлеу туралы ережемен» реттеледі.

«Тұран Лицейі» мектебінде оқушыларды тамақтандыру қалай ұйымдастырылған?

Мектеп оқушыларды күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етеді: таңғы ас, түскі ас және бесіндік (полдник) тағамдар. Оқушыларды тамақтандыру бойынша жұмыста асхана әкімшілігі негізгі нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.

Толығырақ

Лицейде мектеп формасы міндетті ма?

Мектеп формасы мәселесі мектептің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес біржақты оң шешілген.

Толығырақ

Әр сыныпта қанша оқушыдан болады?

24 оқушыдан көп емес.

Мектебіңіз тұран университетіне қандай қатысы бар?

«Тұран лицейі» мектебі – «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі

Лицейде ұялы телефон алып жүруге болады ма?

Лицейде ұялы телефонды алып жүруді ұсынбаймыз. Сабақ уақытында болмашы себеппен қоңырау шалуға немесе электронды ойын ойнауға еліктіріп алуы мүмкін.

Ағылшын тілі сабағын сол тілдің білім иегері (носители языка) оқытады ма?

Иә. 4-сыныптан бастап ауызекі ағылшын тілі курсын арнайы білімі бар тіл маманы жүргізеді. Англиядан мұғалімдерді шақырамыз.

Үй тапсырмасының мөлшері қандай?

Олар біздің оқытушылар әзірлеген әрбір сыныптың оқу бағдарламасына байланысты болады. 2-6 сынып оқушылары өздік жұмыс сабақтарында жазбаша тапсырмаларды орындайды.

Егер бала сабақтан қалса немесе пәнді оқуда қиындықтар болса, бұл мәселе қалай шешіледі?

Оқушы түзету сабақтарында білім олқылықтарын жоя алады.

Мектепте қандай қосымша білім беру қызметтері бар?

Мектеп қосымша білім берудің бірнеше бағыттарын жүзеге асырады. Бұл мектептегі дайындық бағыттарына байланысты мамандандырылған тереңдетілген курстар, мектептің спорттық инфрақұрылымына негізделген спорт сабақтары, түрлі интеллектуалдық және жалпы мәдени шаралар.

Мектептен тыс жерде шаралар ұйымдастыру тәжірибеде бар ма?

Иә, біз Бел-бұлақ шатқалының Талғар ауданында орналасқан «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешенімізде тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырып, түрлі экскурсиялар, Алматы қаласының төңірегіне және шетелдерге саяхат жасап жатамыз.

Демалыс уақытында мектеп балалардың демалуын ұйымдастырады ма?

0-4 сынып оқушыларының күзгі, қысқы және көктемгі демалыс кезінде «демалыс лагері» жобасы жүзеге асырылады. Мамыр айының аяғында мектепте «Радуга» жазғы лагері өз жұмысын бастайды. Ол лагерьде 0-5 сынып оқушылары демалады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй