Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

SPEAKING CLUB

Жетекшісі: Токкожина Анар Елубаевна

Мектепте ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын тұрақты түрде дамыту мақсатында 5–6 сынып оқушыларына арналған Speaking club жұмыс істейді.

Сабақтар әр дүйсенбі күні сағат 15:30–16:40 аралығында өтеді.

Бұл клубта оқушылар ойын түрінде сөздік қорын және грамматиканы бекітеді, әртүрлі тақырыптар бойынша ағылшын тілінде өз ойларын жеткізуді үйренеді, коммуникативтік дағдыларын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Кездесулер бейресми жағдайда, пікірталас немесе ойын форматында өткізіледі. Осы арқылы оқушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достар табады.

Speaking club-тың апта сайынғы кездесулеріне қатысу оқушыларға ағылшын тіліндегі сөйлесу ортасына қайта енуге мүмкіндік береді, бұл ағылшын тілі сабақтарына тамаша қосымша болып табылады.

Жетекшілері: Токкожина Анар Елубаевна және Соловьева Екатерина Андреевна

Мақсаты: балалардың жеке және шығармашылық әлеуетін ашу үшін ағылшын тіліне үйрену жағдайын жасау, олардың лингвистикалық қабілеттерін дамыту және зерттелетін пәнге оң көзқарас қалыптастыру.

Сабақ режимі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Сабақтарды өткізу формалары: сабақтар әңгімелер, семинарлар, ойындар, кіші топтар бойынша тақырыптық тапсырмалар.

Fun English-бұл 3-4 сынып оқушыларына арналған микро тілдік орта, онда балалар ағылшын тілі бойынша жинақталған білімді қолдана алып, дамыта алады және белсенді бірлескен іс-әрекет барысында өз қабілеттерін көрсете алады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй