Қазақ тілі мен әдебиеті
Негізгі бағдарлама
Оқытудың мақсаты – тілдік дағдыларды дамыту, ана тіліне құрметпен қарайтын, тілдің әлеуметтік маңызын түсінуге, тіл нормаларын сақтауға қабілетті, еркін қарым-қатынас пен сауатты жазуға дайын ұрпақты тәрбиелеу.
Негізгі міндеттері – сыни ойлау дағдыларына үйрету; қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру.
Білім алушыларды қазақ мәдениетімен, әдебиетімен таныстыру, мәдени ортаға баулу, мемлекеттік тілге және қазақ халқына құрмет сезімін тәрбиелеу.
Академиялық емес бағдарлама
«Тілдесу» клубы. Сабақтарды өткізудің стандартты емес түрлері оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік береді, балалар қазақ тілінде сөйлеуді, ән айтуды үйренеді.
Оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен шығармашылық конкурстарға, сондай-ақ ҚР БҒМ «Дарын» орталығының, «TURAN-JUNIOR», «Turan SCHOOL SCIENCE PROJECT» және т. б. ғылыми жобалар конкурстарына дайындау бойынша жеке сабақтар.
«Қазақ тілі» бағыты бойынша «Лингвистикалық жаттығу» жобасы, ол есту арқылы сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуда қосымша тәжірибені қамтамасыз етеді.