Құрметті, сүйікті Антонина Сергеевна мен Наталья Леонидовна!
Сіздердің еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Жыл әрдайымғыдай мәнді де сәнді өтті :жаңа білімге, жеңістерге, мерекелер мен әсерлерге толы болды. Ізгіліктеріңізге, жанашырлығыңызға, мейірімділігіңізге және тәртіптіліктеріңізге рахмет!
Ұмытылмас әсер сыйлайтын тамаша мерекелер үшін де алғыс айтамыз – сол сәттердің әрқайсысы көңілімізде ұзақ уақыт бойы жылы естелік болып қалады. Біздің үлгілі оқушыларымыз, жауапты әрі тату ата-аналарымыз – мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің, жұмыстарыңызға деген шынайы ынталарыңыздың жемісі. Сынып жетекшісі мен тәрбиешінің жауапкершілігінің арқасында ешқашан қиын жағдай туындамайды, барлығы дер кезінде әрі жеңіл шешімін табады.
Сіздердің осы мол энергияларыңыз бен ерен еңбектеріңізді көріп, біз де соған сәйкес болуға, қолдау көрсетуге, көмектесуге ынталанамыз. Бірінші сыныпта-ақ сіздерді таңдағанымыз – уақыттың өзі көрсеткен ең дұрыс шешім болды. Бұл – баламыз үшін дұрыс жол, ал біз үшін – жүрегіміздің тыныштығы.
Сіздерге ризамыз! Сүйеміз! Қадірлейміз! Қолдаймыз!