Біздің қызымыз Лори Аслан 3 «А» сыныбын аяқтады. Ол өте көпшіл бала болғандықтан, мектеп пен сыныпты қатты жақсы көреді, сыныпта көптеген достары бар. Бізге мектептегі үйірмелердің көптігі ұнайды. Лори кішкентайынан ән айтуды жақсы көреді, ал өткен оқу жылында ол мектебіміздегі вокал-хор студиясында ұстаз Рыбакина Ирина Яковлевнадан эстрадалық вокал үйірмесіне қатыса бастады. Біз бұл сабақтардың тамаша нәтижесін көріп отырмыз.
Лори әртүрлі мектептік мерекелер мен іс-шараларға қатысып, сахнада сенімді өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бірнеше рет халықаралық вокалдық байқауларда І дәрежелі лауреат атанды. Вокал сабағына ол әрдайым қуана барып, үлкен ынтамен шұғылданады, ал біз, ата-аналар, оның жетістіктеріне шаттанамыз.
Біз қызымызды осы тамаша мектепке бергенімізге өте дұрыс шешім қабылдағанымызға сенімдіміз.