Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Алтынбекова Алия, Исаева Розалия, Альсара және Сағат Арланның анасы

15 Тамыз 2025

«Тұран» мектебінде менің үш балам оқиды, мен мектепке, білімге өте разымын. Түрлі іс-шаралар, жобалар, жәрмеңкелер, тереңдетілген ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері олимпиадалар мен жобаларға қатысты балаларды қолдап отырады. Балалар қуана-қуана мектепке барады. Сонымен қатар, мектепте балалар би, баскетбол секцияларына қатысады, басқа да қосымша үйірмелер бар, сондықтан басқа жерлерге апарудың қажеті жоқ, жолға және кептеліске уақыт жұмсамауға болады. Әр бала өз хоббиін тауып, соның ішінде жетістікке жетеді!
Екінші балам Антонина Сергеевнаға барды, мұндай ұстазбен бірдей толқында болу — үлкен бақыт. Балаларға деген барлық махаббатыңыз үшін сүйікті ұстазымызға алғысымыз шексіз. Наталья Леонидовна – тамаша тәрбиеші! Біз оны қатты жақсы көреміз! Бұл өте маңызды! «Тұранды» білімге ғана емес, сонымен қатар баланың жеке дамуы, психологиялық жағдайы және шығармашылығына мән беретіндерге ұсынамын!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй