«Тұран» лицей-мектебін біздің отбасымыздың бірнеше ұрпағы жалғастырып келе жатқан мектеп деп айтуға болады. Осыған шамамен 30 жыл болды. Жолдасым мен екі қызым – «Тұранның» түлектері.
Мектептің педагогикалық құрамының жоғары кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді. Ұстаздар оқушыларға тек өз білімдері мен тәжірибесін ғана емес, сонымен бірге мейірімін, түсіністігін бөлісіп, әрбір оқушыға уақыт пен көңіл бөледі.
Лицейдегі оқу жағдайы балаларға өзін сенімді әрі жайлы сезінетін «ортақ үйдің» әсерін береді.
Лицейде алған білім, тәжірибе мен дағдылар балаларымның болашақ өмірінде жақсы іргетас боларына сенімдімін!