Мен 2017 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша бітірдім.
Мен өмірде нені мақтан тұтамын? Мен мұғалім болғанымды мақтан тұтамын. Жыл сайын мен үшін бұл мамандықтың жаңа қырлары ашылып, баға жетпес педагогикалық тәжірибе жинақталады.
Өмір жолында маған көмектесуден ешқашан бас тартпайтын және мені жаңа жетістіктерге шабыттандырған адал және тамаша адамдарды кездестіргенім үшін тағдырға алғыс айтамын.
Жұмыстан кейін мен уақытымды әдетте әртүрлі тәсілдермен өткіземін: жүзу, тіл үйрену. Педагогикалық шаршауды болдырмау үшін өзін-өзі дамытумен айналысу өте маңызды деп ойлаймын.
Болашақтың идеал мектебі – оқуға деген ынта-ықыласы күшті қалыптасатын мектеп, жаңа мұғалімі бар, мобильді, жаңалықтарды қабылдауға дайын мектеп.