Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Тагаева Ансар Нурдиновна

Менің этика және құндылық қағидаларымның бастамасы  құрмет, әдептілік, әрқашан көмек беру, ізеттілік, ұқыптылық болып табылады.

Оқушылардың қызығушылықтарын жылы сөз арқылы көтермелеу, пәндерден жақсы баға алу арқылы, серуендеу және интерактивті ойындар арқылы ынталандырамын.

Оқушының жақсы қабілеттерін дамыту үшін олардың қызығушылықтарын көрген сәтте-ақ бірден мақтаймын.

Сыныпта жағымды және шабыттандыратын атмосфераны құру және сақтау үшін мен балалармен араласамын, олардың хоббиі мен қызығушылықтарын сұраймын. Балалар әрқашан мейірімділікке мейірімділікпен жауап береді.

Жақсы мұғалім үшін маңызды қасиеттер-балаларға, өз кәсібіне деген сүйіспеншілік.

Мақсаттарыма жету және қиындықтарды жеңу үшін менің мақсатым болуы керек.

Болашақтың идеалды мектебі-бұл әркім бір-бірін құрметтейтін, жақсы көретін және бағалайтын орын.

Балалармен жұмыс жасауда олардың шынайылығы мен мейірімділігі мені шабыттандырады.

Күн сайын таңертең мектепке жұмысқа барар кезде, мен өзіме: «Сен бәрін жеңе аласың, басты мақсат, тілек және өз ісіңе деген сүйіспеншілік!» деймін.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй