Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Цой Наталия Игоревна

Мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін оқып (Филология және көптілді білім беру институты), кейін магистратураны да сонда бітірдім.

 

Мектепке дейін кітап шығару баспасында жұмыс істедім. Бірінші мамандығым – тележурналист. Мені бұл кәсіпке романтикалық ойлар жетеледі, кітаптар мен фильмдер шабыттандыратын, шындықты ашатын және оқиғалардың күтпеген бұрылыстары бар нағыз журналистік зерттеуді армандадым. Бірақ университет бітірісімен өмірге деген көзқарасым өзгеріп, баспаға жұмысқа орналастым.

 

Мен нені мақтан тұтамын? Мен әдетте өз ісімде белгілі бір биіктерге жететінімді мақтан тұтамын, тіпті Қазақстандағы кітап шығаруға қосқан үлесім үшін медаль алдым. Мен бәрін соңына дейін жеткізіп, кәсіби маман болуға ұмтылғанды ​​ұнатамын.

 

Оқушы кезімде мектеп бітпейді деп ойлайтынмын. Маған мектеп кейде ұнайтын, кейде мүлдем ұнамайтын. Ұнаған себебі,  мектепте достарымыз бар араласатын, біз үнемі бір нәрсемен айналысатынбыз. Ұнамайтыны ол біз қалаған нәрсемізбен айналыспадық.

 

Жалпы, мен бала кезімде суретші, комикстердің авторы болуды армандайтынмын.

 

Қазіргі ойым, мектеп өткеннің адамдары (мұғалімдер) мен болашақтың адамдары (оқушылармен) кездесіп, араласуға мүмкіндік алатын бірегей орын.

 

Маған ұстаз болған жандарға алғысым шексіз. Мені әлі де үйрететін адамдарға да рақметімді айтамын.

 

Мен шәкірттерімнен өмірде барлық нәрсеге үлгеруге болатынын, әлі де кеш емес екендігін, бәрі де мүмкін екендігін түсінемін.

 

Таңертең сабаққа дайындалу үшін мен өзіме: «Бүгін не болады екен?» -деймін.

 

Болашақтың мінсіз мектебі – мен үшін қай уақытта болмасын, идеалды мектеп – бұл оқушылар жаңа білім мен дағдыларды меңгеру өте маңызды екенін білетін және ұстаздарға бар балалық ашықтығымен, сенімімен, ізденімпаздығымен қарайтын мектеп.


Жұмыстан кейін мен әдетте «мұғалім» режимінен «ана» режиміне ауысуға тырысамын.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй