Мен 2012 жылы СДУ университетінің бакалавр және 2020 жылы осы университеттің магистр деңгейін бітірдім.
Мектепке дейін жұмыс істедім… Университетті бітіргеннен кейін бізді (кейбір студенттер) университет ұжымы жұмысқа орналастырды. Маған «Достық» білім беру орталығына жұмысқа орналасу ұсынылды. Осы орталықта 5 жыл жұмыс істедім. Одан кейінгі 3 жыл бойы «Ustady» оқу орталығында жұмыс істедім. Мен Тамос білім беру мектебінде мұғалім болып жұмыс істедім.
Мен не нені мақтан тұтамын. Мамандық таңдауда қателеспегенімді мақтан тұтамын. Мен балаларыммен мақтанамын.
Ата-анам менің ұстаз болғанымды мақтан етеді. Өйткені олар мұғалімдіктің ұлы мамандық екенін түсінеді. Мен үйдің кенжесі болсам да, бәрі мені құрметтейді, мақтан тұтады, мен үшін қуанады, қолдау көрсетеді.
Оқушы кезімде мектеп сенің екінші үйің сияқты деп ойлайтынмын, өйткені жарты күнді мектепте өткізетінбіз. Мектептегі мұғалім саған екінші анаң сияқты қамқорлық жасайды, үйретеді, ал достарың ең жақын туыстарыңа айналады.
Жалпы, мен бала кезімнен… бала кезімнен басқа маман болуды армандадым: мен әнші болғым келді, мектепте ән айттым, биші болғым келді, мектептегі концерттерде билейтінмін, өнерге жақын болдым. Мен сурет салуды, портрет салуды жақсы көретінмін, бірақ менің сурет салуға деген сүйіспеншілігімді тек отбасым ғана білді. Сондай-ақ, мен сәулетші болғым келді. 9-сыныпта ойымды өзгертіп, мұғалім боламын деп шештім. Менің ойымша, бұл шешім ең жақсы шешім болды.
Қазір ойласам, мектеп ең әдемі жер, мектепте барлық жағдай жасалған, тек баланың оқуы үшін.
Ұстаз болған жандарға алғысым шексіз. Мені осы сәтке, осы мәртебеге жеткізген өмірімде кездескен жандарға алғысым шексіз.
Таңертең тұрып, сабаққа дайындалу үшін іштей: «Бисмилләһ!» деймін.
Жұмыстан кейін мен барлық уақытымды отбасыма арнаймын. Мен үйде әйелмін, анамын.
Болашақтың идеал мектебі – еркіндік, шығармашылық ойлау, қатесін сөгетін емес, бағыт-бағдар беріп, шабыттандыратын ұстаздар.