Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Жайлауға математикалық саяхат

12 Наурыз 2026

12 наурыз күні 1 «Б» сынында «Теңдеулер. Өрнектер. Жайлауға қонақта» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Бараева Лариса Владимировна өткізді.

Сабақ қызықты, мазмұнды және танымды болды. Мұғалім әртүрлі жұмыс формаларын қолданды: топтық, жұптық және барлығын қамтитын коллективтік жұмыс, бұл әрбір оқушының белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Сабақ барысында бірінші сынып оқушылары есептер, теңдеулер және математикалық өрнектерді шешіп, алған білімдерін бекітті. Сонымен қатар, сабақ тек оқу мақсатына ғана емес, танымдық сипатқа да ие болды. Оқушылар жайлаудағы адамдардың тұрмысы мен еңбегі, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті туралы көп нәрсе білді. Сабақты ерекше көңіл-күймен аяқтағаны – 5 «Б» сынып оқушысы Мирас домбырада күй орындап, ерекше атмосфера жасап, барлығына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Бұл ерекше сабақтың естелігі ретінде әрбір оқушыға кішкентай домбыра естелік сыйлығы берілді. Сабақ оқушылар мен қонақтарда көп жағымды эмоциялар қалдырып, математиканы және ұлттық мәдениетті үйренуге деген қызығушылықты арттыруға қосымша қадам болды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй