Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Заманауи Cambridge оқулықтары – «Тұран» лицейінің» білім беру бағдарламасында

26 Тамыз 2025

Жаңа оқу жылынан бастап «Тұран» лицейі» мектебінің 7-сынып оқушылары ағылшын тілінен жаңартылған Eyes Open оқулықтары бойынша білім алуды бастайды. Бұл оқулықтар Cambridge University Press & Assessment баспасынан шығып, арнайы қазақстандық мектептерге бейімделген.

Оқулықтарды бейімдеу жұмысына ағылшын тілі пәні мұғалімдері Цой Наталия Игоревна мен Кочеткова Марина Андреевна қатысып, авторлық-әдістемелік топ құрамында болды. Басылымға лицей ұсынған фотоматериалдар енгізілген, соған орай оқулықта баспаның ресми алғысы жарияланған. Ал аудиоматериалдардың бір бөлігін ағылшын тілінде сөйлеуші, Speaking English пәнінің оқытушысы, мистер Пол Аткин жазып, сөйлеу контентінің жоғары сапасын қамтамасыз етті.

Eyes Open оқулығы тек тілдік дағдыларды дамытуға ғана емес, сондай-ақ функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

«Тұран» лицейі» мектебінің 3-сыныптарда Cambridge Super Minds Grade 3 бағдарламасы да табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл оқулықтар да лицей мұғалімдерінің қатысуымен бейімделген.

Заманауи халықаралық оқулықтарды «Тұран» лицейі» мектеп мұғалімдерінің қатысуымен енгізу уақыт талаптарына сай сапалы тілдік білім беруді дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй