2025 жылдың 17 қазанында «Туран» лицейінің волонтерлері ауқымды қайырымдылық шарасын – «Күз фестивалін» өткізді.
Жобаның мақсаты: Фестиваль оқушылардың жанашырлық сезімін, табиғат пен жануарларға қамқорлықпен қарау қасиетін қалыптастыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталды.
Өткізу форматы: Іс-шара әртүрлі жастағы топтар үшін екі форматта ұйымдастырылды:
- Бастауыш сынып оқушыларына арналған қайырымдылық сату жәрмеңкесі;
- 5–9 сынып оқушыларына арналған түрлі байқаулармен өткізілген дискотека.
Фестиваль қорытындысы: Акция нәтижесінде 403 755 теңге жиналды. Барлық қаражат иттерге арналған «Ізгі істер қоры» атты панажайға қайырымдылық ретінде аударылады.
Алғыс:«ECO-TURAN» волонтерлік қозғалысының мүшелері іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсеткені үшін лицей әкімшілігіне зор алғысын білдіреді. Сонымен қатар белсенді қатысып, үлкен үлес қосқан сынып жетекшілеріне және оқушыларға ерекше ризашылығын айтады!
«ECO-TURAN» волонтерлік қозғалысының жетекшісі: Ахметова М.К.




