«Тұран» Лицей мектебінде 8–10 сынып оқушыларының «Тұран» университетінің «Sirius» дебат клубы өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара жылы, динамикалық және білім беруге бағытталған атмосферада ұйымдастырылып, жалғасты. Бұл кездесу аргументация, сыни ойлау және көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын дамытуға ұмтылған оқушыларды біріктірді.
Мастер-класс спикерлері ретінде Амбросов Михаил Сергеевич пен Зайнеева Ангелина Романовна қатысты. Кездесу барысында қатысушылар дебаттардың негізгі қағидаларымен және форматтарымен танысты, аргумент құру ережелерін, сенімді сөйлеудің қыр-сырын және оппоненттермен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйренді.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, мини-дебаттарға қатысып, тәжірибелі спикерлерден құнды кеңестер алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара олардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа дағдыларды меңгеруге және дебат қозғалысына қатысуды жалғастыруға шабыт берді.
«Тұран» Лицей” мектеп ұжымы нәтижелі ынтымақтастық пен оқушылардың дамуына қосқан маңызды үлесі үшін «Sirius» командасына алғыс білдіреді




