«Тұран» лицейінің» қабырғасында шығармашылықтың, кәсіби өсу мен команда бірлігінің шынайы мерекесіне айналған маңызды қорытынды шара «Педагогикалық идеялар фестивалі» болып өтті.
Фестиваль аясында екі шығармашылық жоба тобы өздерінің өзіндік білім алу бағыттарындағы жұмыс нәтижелерін таныстырды:
– «Оқушылардың аналитикалық және сыни ойлауын қалыптастыру әдістері»,
– «Бастауыш сыныптарда сабақ барысында адамгершілік қағидаларды қалыптастыру».
Мұғалімдер өздерінің тәжірибелерімен, практикалық әдіс-тәсілдерімен, жаңа көзқарастарымен бөлісті. Бұл тәсілдер оқу үдерісінде сәтті қолданылып жүр.
Фестиваль бағдарламасындағы ерекше сәт «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты ойын-саяхатқа берілді. Іс-шараға қатысушылар, педагогикалық ұжым 4 топқа бөлініп, қызықты аялдамалар арқылы саяхатқа аттанды. Әр аялдамада мұғалімдерді Қазақстанның табиғаты мен жер бедері туралы жұмбақтар, көңілді спорттық жарыстар, қазақ ертегісінің желісімен сахналық қойылым және караоке форматындағы қазақ әндері күтіп тұрды. Сайыстарға қатысқаны үшін топтар қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын бейнелейтін «Халықтың жеті қазынасы» символдарын жинады.
Фестивальдің соңғы бөлігі – құрылтай. Онда қатысушылар Отанға деген тілектерін жазып, оларды уақыт капсуласына салып, оны тура бір жылдан кейін ашатын болып келісті. Құрылтайда құрметті Зауреш Ашимовна жүрекжарды батасы бәрін бірлік пен рухани жақындыққа бөлеген әсерлі сәт болды.
Мереке дастархан басындағы достық шай ішумен аяқталып, қатысушылар жылы лебіздер мен алғыстарын білдіріп, әсерлерімен бөлісті. Фестиваль шабыт сыйлап, ұжымды нығайта түсті және баршаға тек біліммен бөлісу ғана емес, бірлік пен дәстүрге деген құрметтің маңыздылығын еске салды.
«Тұран» лицейі» – идеялар, дәстүр мен Отанға деген сүйіспеншілік мекені!