2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері «Тұран Лицейі» мектебінің оқушылары Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысты. Байқауға әртүрлі секцияларда өз ғылыми жобаларын ұсынған 400-ден астам оқушы қатысты. «Тұран Лицейі» мектебінің атынан байқауға 10 «А» сынып оқушысы Морозова Карина «Биология» секциясында, сондай-ақ 8 «А» сынып оқушысы Байбуз Елизавета мен 8 «Б» сынып оқушысы Карабек Мерейли «Этномәдениеттану» секциясында лайықты өнер көрсетті. Байбуз Елизавета мен Карабек Мерейлидің мектеп оқушыларын Қазақстанның дәстүрлері, фольклоры мен мәдениетіне тартуда театрландыруды қолдану тақырыбындағы жобасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар III орынды иеленіп, қалалық кезеңнің жүлдегерлері атанды. Оқушыларымызды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз және олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа ғылыми жаңалықтарға және өз күштеріне деген сенім тілейміз.




