«Тұран Лицейі» мектебінің оқушылары 7–8 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде оқу орнын лайықты деңгейде танытып, білімдерінің жоғары екенін және тыңғылықты дайындықтарын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орындарды Қазақстан тарихы пәнінен Айтжан Наби (жетекшісі Пилипенко Л.И.), химия пәнінен Мамбетов Асылбек (жетекшісі Попова М.В.), орыс тілі пәнінен Байбуз Елизавета (жетекшісі Соловьева В.В.) және ағылшын тілі пәнінен Мишейкис Эмилия Николь (жетекшісі Ахметова М.К.) иеленді.
Екінші орындарды математика пәнінен Сивцева Злата (жетекшісі Класс Р.Г.), орыс тілі пәнінен Лузгина Виктория (жетекшісі Читилова Н.В.), география пәнінен Ерланұлы Арулан (жетекшісі Тютенова А.Б.) және Қазақстан тарихы пәнінен Тигай Алан (жетекшісі Пилипенко Л.И.) жеңіп алды.
Үшінші орындарды физика пәнінен Сагов Николай (жетекшісі Машенова А.С.) және ағылшын тілі пәнінен Бакибаев Данияр (жетекшісі Штефан О.В.) иеленді.
Биология пәнінен Калашников Даниил (жетекшісі Акишева О.Ю.) грамотамен марапатталды.
Оқушылар мен олардың ұстаздарын жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, олимпиаданың келесі кезеңдерінде де толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!




