Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Тұран Лицейі» мектебі оқушыларының «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының аудандық кезеңіндегі жеңістері

15 Желтоқсан 2025

«Тұран» лицейі мектебінің оқушылары 2–7 сыныптар арасында өткен «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының аудандық кезеңіне белсенді қатысып, зерттеушілік және жобалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша II орынды: 4 «А» сыныбының оқушысы Исаченко Пётр — математика пәні бойынша (жетекшісі Мальтиева А.Ж.) және
4 «В» сыныбының оқушысы Ли Даниил — экология пәні бойынша (жетекшісі Аверина И.Ю.) иеленді.

III орынды: 6 «А» сыныбының оқушысы Литвинова София — информатика пәні бойынша және 7 «В» сыныбының оқушысы Мишейкис Эмилия — информатика пәні бойынша (жетекшісі Рахымбекова А.М.) жеңіп алды.

Сондай-ақ, 7 «А» сыныбының оқушысы Сотникова Александра ағылшын тілі пәні бойынша (жетекшісі Токкожина А.Е.) грамотамен марапатталды.

Оқушылар мен олардың жетекшілерін қол жеткізген лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз, алдағы кезеңдерде мол табыс, тың идеялар мен жаңа жеңістер тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй