«Тұран Лицейі» мектебінің оқушылары 8–11 сыныптар арасында өткен Республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, тілдік дайындықтарының жоғары деңгейін және көптілді құзыреттіліктерін айқын көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша II орынды: 10 «А» сыныбының оқушысы Добжаева Александра (жетекшілері: Соловьёва В.В., Ермұханова З.А., Штефан О.Ю.) және
8 «Б» сыныбының оқушысы Мачковская Екатерина (жетекшілері: Соловьёва В.В., Талипова Г.Е., Ахметова М.К.) иеленді.
III орынды: 9 «А» сыныбының оқушысы Кузьминых София (жетекшілері: Потредённая И.А., Тохтаганова Т.К., Ахметова М.К.) және 11 «А» сыныбының оқушысы Утеулиев Владислав (жетекшілері: Потредённая И.А., Ермұханова З.А., Штефан О.В.) жеңіп алды.
Оқушылар мен олардың педагогтарын қол жеткізген лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және олимпиаданың келесі кезеңдерінде толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

