Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«ТАУ ТҰРАН « ЛАГЕРІНДЕГІ ОТБАСЫ КҮНІн атап өту – керемет дәстүр

9 Қыркүйек 2023

Әрқайсымыз үшін отбасы – өмірдегі ең маңызды құндылық, бұл жақын және қымбат, Біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық көрсететін, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдарымыз. Махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты отбасынан аламыз және үйренеміз үйренеміз.

2023 жылдың 9 қыркүйегінде «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара аясында 1-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналып, «Тау Тұран» сауықтыру кешенінде саяхат өтті. Дене шынықтыру және спорт бөлімі қызықты спорттық шара ұйымдастырды, оның мақсаты отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға ықпалын тигізу.

Көңілді, қызықты конкурстар  ересектер мен балалардың басын  біріктіруге  септігін тигізді. түллі  жарыстар мен эстафеталар, ойындар өткізілді. Іс-шара достық флешмобпен аяқталды.

Оқушылар мен олардың ата-аналары белсенді, көңілдері көтеріңкі болды.

Бұл мереке мектептің игі дәстүрі ғана емес, Тұрандықтардың  тату-тәтті  бір отбасы екендігінің  шынайы дәлелі.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй